Вирусты гепатит с что это
Созылмалы вирусты гепатит деген не?1
Созылмалы вирусты гепатит – бауырдың басым зақымдалуымен ерекше вирусты тудыратын созылмалы жұқпалы ауру.1 Мүшедегi жіті қабыну үдерісі 6 айдан аса созылады, созылмалы ағымға ауысып, патологиялық өзгерістерге алып келеді.1 Науқаста бауыр жасушаларының дистрофиясы дамиды.1 Вирустың белсенділігіне қарай цирроздың қалыптасуымен шартталатын бауырда дәнекер тіннің шамадан тыс өсуі мүмкін.1
Созылмалы гепатит сатысы фиброздың таралуы мен бауыр циррозының дамуымен анықталады. Солай, ең басында фиброз жоқ болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе дәнекер тіндердің әлсіз көрсетілген және қалыпты дамуынан ауру ауыр ағымды болып, айқын фиброз, бауыр циррозының пайда болуына дейін, болып сипатталады.1
Созылмалы вирусты гепатиттің себептері
Созылмалы вирусты гепатиттердің пайда болу себептері В, С, D, G, F вирустары болады.1,2,3 Бірақ, жоғарыда айтылғандай, осы гепатиттердің кейбіреулері тек жіті түрімен ғана шектеледі. Осыдан сұрақ, қандай факторлар аурудың созылмалы сатысына өтуді қоздырады? Мамандардың ойынша, зақымдану кезінде әлсіз иммунитет пен бауырдың бар мәселерi, сонымен қатар ағзаның алкогольмен созылмалы улануы маңызды рөл ойнайды.2 В гепатитін жұқтырған кезде сонымен қатар вирусқа қарсы тұру генетикалық қабілеттіліктің де үлкен маңызы бар.1
Вирусты гепатиттер қан және адамның басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы өтеді.1Көптеген науқастар 15 пен 29 жас аралығында вирусты жұқтырғанды ескере отырып, мамандар ауру жиі жыныс жолдары арқылы немесе есірткіні көктамыр арқылы қабылдау кезінде өтеді деген шешім шығарады.1 Бірақ жұқтыру тұрмыстық жол арқылы да болуы мүмкін.1 Тәуекел тобына қанмен жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлер3, донор, сонымен қатар маникюр мен татусалондарының клиенттері кіреді. Бала вирусты анасынан жүктілік, туу кезінде немесе омырауымен емізу кезінде жұқтыру жағдайлары болады.1
Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек.
Дәрі туралы
Созылмалы вирусты гепатиттің симптомдары
Созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын 10 адамның 7-нде ауру симптомдарсыз өтеді.2 Дегенмен, асқыну кезінде емделушілер жоғары шаршағыштық пен оң қабырға астында ыңғайсыздыққа шағымданады.2 Науқастарда бауыр, сонымен қатар көкбауыр көлемінде ұлғаяды.2 Бас ауруы, ұйқының бұзылуы, ащы дәм мен ауызда құрғақтық, жүрек айну, метеоризм мазалайды.1 Тамырлы жұлдызшалар пайда болады.1 Аурудың белсенді түрінде тері қышымасымен бірге жүретін сару ауру секілді вирусы гепатиттің «айқын» симптомдары болуы мүмкін.2
Созылмалы вирусты гепатиттің диагностикасы
Созылмалы гепатиттің диагностикасы қанның биохимиялық зерттеуі мен УДЗ болады. Қан талдау тек вирусты анықтап қана қоймай, оның белсенділік кезеңін анықтайды. Сонымен қатар трансаминазалар, ГГТП, билирубин, протромбин, гамма – глобулин көрсеткіштерінің маңызы бар.2,1 УДЗ бауырдың зақымдану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ауыр жағдайларда созылмалы вирусты гепатиттердің диагностикасы биоталдау жасауды қажет етуі мүмкін.2
Созылмалы вирусты гепатитті емдеу
Созылмалы вирусты гепатитті емдеу қағидасы алкоголь мен гепатоуытты дәрілік заттардан бас тарту, физикалық жүктемелерді шектеу, №5 диетаны ұстау, сонымен қатар вирусқа қарсы дәрілік заттармен емделуге негізделеді. Диагнозды қойған соң тұрақты тексерулерге келіп тұру маңызды.
Созылмалы вирусты гепатитті кешенді емдеуде гепатопротекторларды қолдану
Созылмалы вирусты гепатит кезінде гепатопротекторлар қабылданады. Солардың ішінде ерекше орынды эссенциальді фосфолипидтер алады.3 Эссенциальді фосфолипидтер бауыр жасушаларының тұтастығын қалпына келтіреді, олардың қайта қалыпқа келуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар созылмалы вирусты гепатит кезінде жиі байқалатын1 бауырда дәнекер тіндердің пайда болуына тосқауыл болады.3
- Серов В.В. РМЖ, Созылмалы вирусты гепатиттердің қазіргі заманғы жіктелуі, № 3, 1996
- Созылмалы гепатиттердің жіктелуі, Дүниежүзілік гастроэнтерологтар конгресі қолдауымен Халықаралық жұмыс тобы
- Елисеев Ю.Ю. (ред.). Балалар аурулары. Толық анықтамалық. 2008
- Нидерау К. СОЗЫЛМАЛЫ В МЕН С ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕРДІ ЕМДЕУДЕ ИНТЕРФЕРОНДАР МЕН ЭССЕНЦИАЛДЫ ФОСФОЛИПИДТЕР, 1998.-N 5.-Б.67-68
SAKZ.PCH.18.09.0984a
Источник