Ж??палы сары ауру немесе вирусты гепатит

Ж??палы сары ауру немесе вирусты гепатит

Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары.

Гепатит көп жағдайларда симптомсыз өтеді, немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті ауруларға алып келеді.

Симптомдары:

Аурудың сипмтомдары оның даму кезеңіне қарай әртүрлі келеді.

І кезең (7-50 күн)

Гепатиттің І кезеңі 7 тәулікке созылатын инкубациялық кезең болып саналады. Бұл сатыда инфекция бүкіл ағзаға тарайды. Бұл кезең симптомсыз өтеді немесе білінер-білінбес сезіледі.

ІІ кезең (50-62 күн)

Екінші кезеңнің алғашқы белгілері:

  • Әлсіздік
  • Бұлшық ет, буындардың сырқырап ауруы
  • Тез шарщау

Науқас өзін жабырқау, солғын сезінеді, тәбеті жоғалады. Науқастың іші, оң жақ қабырға асты ауырсынады. Ауырсыну оң жақ жауырынға және иыққа берілуі мүмкін. Дене қызуы 37-38°С көтеріледі. Бас ауру мазалайды. Кей жағдайларда науқас қышынуы мүмкін.

ІІІ кезең немесе асқынуы (62-98 күн)

Гепатиттің асқынуының белгісі – сары ауру немесе Госпела ауруы. Бұл бауырдың әлсіреуінен болады. Бауыр билирубинді қорыта алмайтындықтан, ол қанға түсіп, бүкіл ағзаға жайылады. Бұл адамның терісіне, кейде көздеріне де сары түс береді.

Сонымен қатар, үшінші кезеңде несеп қоңыр түсті , ал нәжіс түссіз болады.

Себептері:

  • Гепатит вирустары, инфекциялар
  • Ластанған тағамдар мен су пайдалану
  • Антисанитарлық жағдайда өмір сүру
  • Вирус жұққан қанды құю немесе басқада медициналық процедураларда (ине салу, стоматологиялық процедуралар), стерилденбеген аспаптарды пайдалану
  • Босану кезінде жұқтыру
  • Тұқымқуалаушылық
  • Жыныстық қатынас
  • Ауыз арқылы жұғу
  • Ағзаға улы заттардың түсуі (алколголь, есірткі, кейбір дәрі-дәрмектер)
  • Аутоиммунды аурулар
  • Жеке гигиенаны сақтамау
  • Ортақ гигиена заттарын пайдалану
  • Жарақат кезінде косметикалық процедуралар
  • Жарақаттардан
  • Кейбір жәндіктердің шағып алуы

Классификациясы

Түріне қарай өткір және созылмалы деп бөледі.

Өткір гепатит белсенді өтеді. Көп жағдайда асқыну болады. Тез пайда болып, тез қайтады.

Созылмалы гепатит симптомсыз өтеді. Асқынуы бауырдың созылмады бұзылуына әкеледі.

Этиологиясына қарай инфекциялық, уланған және т.б. жіктейді.

Диагностика

Диагностиканы дәрігер-инфекциолог жасайды.

Гепатитті анықтау үшін науқас келесі медициналық тексерулерден өтеді:

  • Толық анамнез жасау
  • Қан талдауы
  • Қанның биохимилық талдауы
  • Полимерлі тізбекті реакция
  • Құрсақ қусын УДЗ арқылы тексеру
  • Эластометрия
  • Бауырдың биопсиясы

Емдеу

Аурудың симптомдары байқалған бойда дәрігерге қаралу керек. Ауру асқынғанда төмендегі емдеу шаралары қолданылады:

  1. Төсек режимін ұстау
  2. Ағзаны улы заттардан тазалау
  3. Диета
  4. Гепапротекторлар мен дәрумендер қабылдау
  5. Симптомдарды басатын ем

Гепатит кезінде тамақтануға үлкен мән беру керек. Қуырылған, кептірілген, қақталған, ащы, консервіленген, тұзды, қышқыл тағамдарды жемейді және газдалған сусынды ішуге болмайды.

Профилактика

  • Әр 6-10 жылда екпе салдыру
  • Тамақтану алдында қолды жуу
  • Жеке гигиенаны сақтау
  • Өзгенің жеке гигиеналық заттарын пайдаланбау
  • Пайдалар алдында азық-түліктерді жуу
  • Лас суқоймаларында шомылмау (әсіресе, денеде кесілген, тырналған жаралар болса)
  • Сәбилердің жалаяқтарын таза жерде ауыстыру
  • Тұрғын мекемесін аптасына кемі 2 рет тазалау
  • Бауыр ауруларында теңіз өнімдерінен бас тарту
  • Әдепсіз жыныстық қатынасқа түспеу
  • Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану
  • Зиянды әдеттерден арылу
  • Өзге елге саяхаттар алдын ол жақтың эпидемиялық жағдайын біліп алу.

Источник

Сары ауру (вирусный гепатит) — өте жұқпалы дерт, Бұл — қара бауырдың (жігердің) қабынуы. Қара бауыр оң қабырғаның астында орналасқан. Дені сау жас балаларда бауыр қабырға астынан 1 -2 сантиметрге дейін шығыңқырап тұрады, бұл— жас балалар ерекшелігінің бірі.

Бауыр организмде болып жататын барлық процеске толық қатысады, сондықтан да оны организмнің ең күрделі лабораториясы деп те атайды. Шын мәнісінде солай да. Бауырда өт жасалып шығады. Ересек адамдардың бауырынан күніне 1 литрге дейін өт қышқылы бөлініп, ішкен тамақты қорытуға қатысады.

Организмге керекті белоктар күнделікті ішкен тамақ арқылы ас қорыту жолдарына түсіп, ішектің қан тамырлары арқылы бауырға барады. Бауырда белок өте майда бөлшектерге ыдырап, организмдегі клеткаларға қажетті белокты заттар жасалынады да, қан тамырлары арқылы әрбір клеткаға жеткізіледі.

Бауыр біраз белокты сақтап қалып, организмге қор жинайды. Кей жағдайда адам ашықса немесе тамақпен организмге белгілі мөлшерде белок түспесе, жиналған қордан белгілі мөлшерде белок бөліп, клеткалардың «ашықпауына» жағдай жасайды.

Сол сияқты бауыр ағзадағы көмірсутектің алмасу процесіне де қатысады.Бауыр тамақпен келген суды, тұзды реттеуде де зор роль атқарады. Ол минералды, тұзды, суды реттей отырып, қан қысымының бірқалыпты болуына жағдай жасайды. Сондай-ақ бауыр витаминдерді, әсіресе А, С, К, РР және В витаминдері тобын реттеуде үлкен роль атқарады.

Сонымен бірге организмде зат алмасу нәтижесінде пайда болған және сырттан түскен (тамақпен, кейде микробтардың өздері аздап та болса шығарған) улы заттар осы бауырда залалсызданады. Сондықтан да бауыр ауырған кезде жоғарыда айтылған көптеген органдар өз қызметін нашарлатады.

Сары аурудың жұқпалы екендігі ерте заманнан белгілі болатын. Бұл ауруды қоздыратын А және В вирустары өте ұсақ, жай көзге көрінбейді. Бұл вирустар алдымен қан құрамына түсіп, одан бауырға шоғырланады. Бауырда өсіп-өне отырып, оны клеткаларын зақымдайды.

Зақымдаудың әсерінен бауыр клеткалары өзінің қалыпты қызметін бұзады да, біртіндеп өле бастайды. Бауырдағы өт майда қан тамырлары (капиллярлар) ісініп, қан құрамындағы ертінділер, белоктар бауырдағы клекаларға түседі де, клеткаларды бір-бірінен ажыратады.

Осылардың әсерінен сары ауру кезінде бауыр ісініп, үлкейеді, ауырады. Оны саусақпен сипап көрсеңіз қатты болып тұрғанын байқайсыз. Бауырды қаншалықты ісініп, үлкейгеніне қарай ауруды жеңіл-ауыр түрін және оның ауырғанына қанша уақыт болғанын білуге болады.

Клеткалары зақымданған бауырда жасалынған өт қан құрамына барып араласады (өт өт пигментерінен, минералды тұздардан, өт қышқылдарына тағы да басқа қоспалардан тұрады). Қан құрамындағы өт пигменттері қан арқылы бүйрекке жетіп кіші дәретпен (зәрмен) араласады, сөйтіп көздің терісі, ауыздың сілекей қабығы сарғаяды.

Ауру бауырдан бөлінетін өт ішекке жеткіліксіз түсетіндіктен үлкен дәреттің түсі ақшыл болады. Ағзада ұдайы болып жататын алуан түрлі процестер кезінде бөлінетін улы заттарға ауру бауырдан бөлінетін улы заттар қосылып, организмді одан бетер улай түседі. Баланың жағдайы күннен-күнге нашарлап, әлсірегендіктен тамаққа зауқы болмай, селқос жата береді.

Ауруды қоздыратын А вирусы көбінесе ішетін тағам, су арқылы жұғады. Ол организмге барып түскеннен кейін 7—50 күн аралығында аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды.

Ал ауруды қоздыратын В вирусы бұрын сары аурумен ауырған адамдардың қанын құйған кезде және соларға салынған инені, щприцті жақсылап қайнатпай пайдаланған жағдайда жұғады.Бұл вирус организмге түскеннен кейін 40—180 күн аралығында аурудың алғашқы белгілері білінуі ықтимал.

Ауру біртіндеп басталады да, алғашқы күндері адам бір түрлі шаршаңқырап әлсірегенін сезеді. Сырқат балалардың көбісінің тамаққа тәбеті болмайды, ойынға зауықтары соқпайды. Көңіл күйлері нашарлайды. Кейде бастары ауырып жүректері айниды, лоқсып құсады.

Ересек балалар оң қабырғаларының асты ауырғанын, ал жас балалар іштерінің ауырғанын айтады. Жас нәресте мазасызданып жылайды, ұйқысы нашарлайды. Ал кейбір балалар селсоқ күйде маужырап ұйықтай береді. Ауру баланың температурасы бастапқы кезде 37—37,5 градусқа, кейде тіпті 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал кейбір балалардың қызуы көтерілмей-ақ бауырлары ісінеді.

Соңғы кезде бұл сырқат көбінесе суық тиіп тұмауратқан сияқты болып басталып жүр. Балаға суық тиеді, жұтынғанда тамағының ауырғанын айтады, мұрнынан су ағып, тамағы қызарады. Қызуы көтеріледі, басы ауырып, ұйқысы нашарлайды мазасы кетеді. Кейбір балалардың іші өтеді.

3—10 күн өткеннен соң көздің, ауыздың сілекей қабығы, дененің терісі сарғыш тарта бастайды. Күннен-күнге баланың терісі қатты сарғайып, зәрі қоңыр түске енеді, ал үлкен дәреті ақшыл тартады Кейбір балалардың мұрындары қанайды, өйткен бауыр ауырғанда өт ішекке керекті мөлшерде түспейді.

Читайте также:  Прививка от гепатита в первые дни у новорожденных

Өттің көмегімен К витамині қанға таралып, бауырда қан тоқтатуға ықпал жасайтын протромбин және де басқа заттар түзіледі. Өт ішекке аз түсетіндіктен К витамині де қанға аз түседі мұрыннан қан кетіп, жарақаттанған жағдайда қанның ұзақ уақыт тыйылмауының себебі осыдан.

Организмдегі күрделі процестерге зор ықпал ететін кейбір ферменттер тікелей бауыр клеткаларында жасалады дедік. Ал бауыр клеткалары зақымданған жағдайда бұл ферменттер қан құрамына барып түседі, анализ алып байқап көргенде ферменттер көп болады.Бауыр ауырған кезде ас қорыту органы қызметін бұзады. Жүрек пен қан тамырларының соғысы нашарлайды, қан қысымы төмендейді.        ‘

Ауру жеңіл түрде де, ауыр түрде де кездеседі. Сырқаттың қоздырғышы А вирусы болса, онда ауру жеңілдеу түрде, ал қоздырғышы В вирусы болса, онда ауырлау түрде өтуі мүмкін. Науқастанған баланы дер кезінде дәрігерге көрсетіп, толық емдетсе, 2—3 аптадан соң беті бері қарай бастайды.

Көңіл күйі жақсарып, тамаққа тәбеті ашылады. Ұйқысы тынышталып, денесінің сарғайғаны азая түседі. Бірте-бірте бауырының ісінгені қайтып, ауырғаны басылады. Кіші және үлкен дәретінің түсі қалпына келеді. Дер кезінде дәрігерге көрінбей, уақытты өткізіп алған жағдайда ауру асқынып кетеді де баланың айығуы қиындайды.

Ауруханадан жазылып шыққан баланың дәрігердің нұсқауларын орындап отырғаны жөн. Жұқпалы аурудың зардабынан өт жолдары қайта қабынып, ауру созылмалы түрге айналып кетуі мүмкін.Сырқат барынша асқынып кеткен кезде бауыр клеткалары жаппай зақымданып өледі, соның әсерінен бауыр тез жиырылып қалады. Мұндай жағдайда науқасты аман алып қалу қиынға соғады.

Сондықтан да ауру білінісімен науқас баланы дер кезінде дәрігерге көрсетіп, ауруханаға жатқызу керек. Ауру баланың бірінші күннен бастап-ақ төсекте қозғалмай жатқаны жөн. Жатқан кезде бауырдың қан айналысы жақсара түседі де, тезірек жазылып кетуге оның көп әсері болады.

Бауырдың қызметіне салмақ түсірмейтіндей жеңіл де сіңімді, тез қорытылатындай тамақтар беріледі. Белокты және майлы тамақтарды шектеу керек. Айран-сүтті, сүзбені және сүттен жасалған тамақтарды, жеміс- жидектер мен шырындарды, компотты, кисельді, вареньені мейлінше көп берген жөн.

Құстың, балықтың, сиырдың етін суға қайнатып аз мөлшерде беруге болады. Қант, бал жегені пайдалы. Науқастың жағдайының жақсаруына қарай тамақтың да құрамын біртіндеп молайта түсу керек. Сұйық заттарды алғашқы күннен бастап мол беру қажет.

Витаминдерге бай тамақтармен қатар, поливитаминдер берілгені жөн, 5 процент магний сульфаты, аллахол, холасос және тағы да басқа өт жолдарының қызметін жақсартатын дәрілер беріледі. Сырқаттың ауыр түріне ұшыраған жағдайда қан тамырына тамшылатып 5 процент глюкоза ертіндісін, гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, неокомпенсан, рингер және тағы да басқа сұйық дәрілер құйылады.

Егер баланың жағдайы өте нашар болса, гормоналды дәрілер, қан, плазма құйылады. Халық медицинасында қолданылатын шайқурай, шөпшай, әріпдәрі, жүгері шашағын, зирек, киікоты, дәрілік купен, жалбыз, сары марал отының тамыры мен жапырағы, шандра, шытыра, шыршай, шашыратқы, сол сияқты басқа да дәрілік өсімдіктерді қайнатып беруге болады.

Бұл дәрілік өсімдіктердің қай айда өісетінін, қай кезде жинау керектігін білген дұрыс, және кептірген кезде күн көзінде емес, көлеңкелі жерде кептіру керектігін ұмытпаған жөн. Асқабақ, қара қарақат, орман бүлдіргені, құлпынай, сәбіз, грек жаңғағын пайдаланғанның да пайдасы көп.

Науқас баланың жағдайы жақсарып, анализдері дұрыс бола бастаса, онда 21 күннен соң ауруханадан шығарылады. Ауруханадан жазылып шыққан бала 10—12 күннен соң дәрігерге тексерілуге келеді, оған дейін мектепке, бала бақшасына, баруға рұқсат етілмейді.

Науқастан айыққан бала 6 ай бойы дәрігерлік бақылауға алынады. Тамақ режимі мен күнделікті жағдайы бақыланады. Бауырдың ісігі толығымен қайтпаса, баланың тамаққа тәбеті жақсармаса, дәрігерлік бақылау 1—1,5 жылға дейін созылуы мүмкін.

Ауруханадан шыққан күннен бастап дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау керек. 6 ай бойы баланың тамағын, күнделікті жағдайын міндетті түрде қадағалау керек. Күнделікті жағдайы деп баланың көп шаршамауын, жүгірмеуін, ауыр жұмыс істемеуін, ауыр зат көтермеуін, суықтап қалмауын қадағалауды айтып отырмыз.

Баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болуына ата- ана арасындағы қарым-қатынастың тигізетін пайдасы көп. Сондықтан үйде ұрыс-керіс, шатақ, жан- жал болмауға тиіс, балаға жекіп, ұрысып сөйлеуді тыйған жөн. Ауырған баланың онсыз да жұқарып тұрған жүйкесін қоздырмау қажет.

Науқас баланы қайталап ауырып қалады деп үйден шығармай қою дұрыс емес. Мүмкіндігінше сырқаттың таза ауада көбірек болғаны денсаулығына пайдалы. Күндіз бір уақыт ұйықтатқан жөн. Жататын бөлмесін үнемі таза ұстап, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп отыру керек.

Баланың төсек-орны ауыстырылып, іш киімі таза болуға тиіс. Түнгі ұйқысының тыныш болуын қадағалау қажет. Мектеп жасындағы бала дене шынықтырудан, спорттың ауыр түрлерімен айналысудан 6 айдан бір жылға дейін босатылады. Бірақ жеңіл жаттығуды тастамау керек, ол организмнің қызметін жақсартып, баланың тамаққа тәбетін ашады, ұйқысының тыныш болуына әсер етеді.

Жалпы науқас адам еңбекпен, спортпен айналысуға міндетті, ал науқас бала жағдайына, ауруының түріне қарап жеңіл, арнаулы емдік денешынықтырумен, спорттың жеңіл түрімен шұғылдануы тиіс. «Ауру-астан» демекші, науқастың ішетін тамағына баса көңіл бөлу керек. Баланың аш жүруіне, майлы, қуырылған, тұзды тамақты жеуіне мүлдем болмайды, ауру асқынып, бауыры қатайып баланың жағдайы нашарлап қалуы мүмкін.

Тамақты көбінесе мал майына емес, өсімдік майына дайындау керек. Сары аурумен сырқаттанған балаға ет жеуге болмайды деп ет жегізбейтін ата-аналар бар. Ет күнделікті тамақ құрамында болғаны дұрыс, негізінен жас ет берген жақсы. Жас балалар көбінесе шоколадқа құмар келеді, оны уақытша тыя тұру керек.

Кофе, какао, торт және әр түрлі майға пісірілген нан беруге болмайды. Сарыағаш минералды суының шипалық қасиеті зор. Осындай минералды суларды ішер алдында газын шығарып алған дұрыс.

Тамақтанардан 30—40—90 минут бұрын белгілі мөлшерде, жас шамасына қарай бұл суларды 2—4 апта бойы береді. Ересектеу балаларға тюбаж жа сауға болады. Ол былай жасалады. Таңертең аш қарында жылытылған бір стакан минералды суға (жас мөлшеріне байланысты бір шай қасығы әлде одан да аз ба, көп пе) кисилит немесе 25 процент магний сульфатының ертіндісін араластырып 10—15 минут ішінде ұрттатып ішкізу керек.

Баланы оң жағына аударып, бауырының тұсына жылы грелка қойып,2 сағат жатқызу керек. Тюбаж апта сына 1 рет немесе 2 аптада 1 рет дәрігердің кеңесі мен жасалынады. Оны өне бойы жасай беруде балаға зиян. Дәрілік шөптерді де ретімен қолданған жөн.

Мысалы, мынадай дәрілік шөптердің қоспасын: сарыбас шөп пен укроптың гүлін, жүгеріні шашағын, түймедақ қоспаларынан (барлығы бірдей көлемде араластырылады) үлкен 1 ас қасық алып қайнатылған бір жарым немесе екі стакан итмұрын тұнбасына салып бөктіреді. Жарты сағаттан соң дәкеден өткізіп салқындатады.

Итмұрын тұнбасы былай дайындалады. 100 грамм итмұрынды (шиповникті) бір литр суға қайнатып, 2 стакан тұнбаға жоғарыда айтылған дәрілік өсімдіктерді бөктіреді. Алынған тұнбаны тамақ ішерден 15—2 минут бұрын 50- 60 грамына жарты қасықтан бал салып ішкізу пайдалы.

Дәрілік шөп тұнбасын 2 аптадан ұзақ беруге болмайды. Ауырып жазылған балалар бір жылға дейін ауруға қарсы егілмейді Баланы өзін-өзі күтуге, организмнің суыққа төзімділігін арттырып отыруға үйрете білу керек. Тамақ ішер алдында, даладан үйге келгенде қолды сабындап жуған дұрыс, жеміс-жидекті ағын сумен шайып жеген жөн.

Читайте также:  Вирусный гепатит и его симптомы

Саусақтарын аузына салмауын тұрып қалған суды ішпеуін қадағалап, үйдің ішіндегі шыбын шіркейді жойған, ауланың таза болуына көңіл бөлген дұрыс. Әсіресе бұлақ басын, құдықтың айналасын таза ұстап, мал жүрмеуін қадағалаған жөн. Тазалықты, жеке бастың гигиенасын сақтай білген жағдайда әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтануға болады.

Сары ауру қалай пайда болады және оның белгілері қандай болады?

Сальмонеллез қандай ауру және ол қандай жолмен жұғады.

Бүйрек және бүйрек астауының созылмалы қабынуы.

Баланың өкпесі қабынғанда қандай медициналық көмек көрсетіледі.

Источник

А гепатиті (син. жұқпалы, эпидемиялық гепатит, Боткин ауруы)- фекалды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.

РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы, әдетте өзіндік сауығумен аяқталады. Бұрын бұл ауру тек балалар арасында тіркелетін, ал қазір батыс елдерінің гигиеналық деңгейінің жоғарылауына байланысты, ересек адамдардың арасында кездеседі.

Этиологиясы.А гепатит вирусы (HAV) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады. Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды. Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек. Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ. Вирионның орталық компоненті болмайды. Вирустың геномы молекулярлық салмағы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан тұрады. Әлемнің әр бөлігінде вирусының әр түрлі штамдары анықталған, бірақ олардың бәрінде барлығын бір серотипке жатқызатын бірдей антиген бар және қарама-қарсы протективті иммунитет туғызады. Жалғыз антиген болғандықтан анти-HAV-антиденелері, алдымен Ig M, кейін Ig G түзеледі.

А гепатитінің вирусы суда ұзақ уақыт (3-10 ай) сақталуы мүмкін, топырақта, нәжісте (1 айға дейін), үй тұрмыс заттарында да сақталады. 100° С –та 5 мин қайнатқанда инактивирленеді. Вирус формалин мен УКС-не (УФО) сезімтал, салыстырмалы түрде хлорға төзімді, хлороформ мен эфирдің әсеріне инактивирленбейді.

Эпидемиологиясы.Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады. А гепатит вирусы фекалды-оралды механизммен беріледі. Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды және сарғыштықтың 2-7 күнінде аяқталады. Сонымен, науқас қоршаған адамдарға инкубация кезеңінің екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық қауіпті және ол қауіптілік сарғыштық кезеңінде жоғалады. Вирусты А гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштығы жоқ түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі. HAV- тасымалдаушылығы және созылмалы ауру түрінің кездесуі, сонымен қатар, аурудың ауа-тамшылы жолмен берілуі мүмкіндігі қазіргі кезде жоққа шығарылған. HAV анасынан жатырдағы баласына берілуі де мүмкін емес, өйткені вирус трансплацентарлы тосқауылдан өте алмайды. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

А вирусты гепатитке қабылдаушылық ортақ болады. Алайда 1 жастан үлкен балалар (әсіресе, 3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында бұл ауру жиі тіркеледі.

А вирусты гепатитке маусымдылық (аурудың максимальді сырқаттанушылық кезеңі күз-қыс айларында тіркеледі), кезеңділік (сырқаттанушылық 3-5; 7-10 жылда көтеріледі) тән.

А вирусты гепатиті жалпылама таралған. А гепатитінің таралуына объектілердің санитарлық жағдайы, тұрғындардың санитарлық мәдениеті әсер етеді. Сондықтан, өмір сүру деңгейі жоғары елдерде, дамитын елдерге қарағанда сырқаттанушылық аз тіркеледі.

Патогенезі және патологоанатомиялық көріністері.А вирусты гепатиті жедел циклді инфекция, кезеңдердің алмасуымен сипатталады. Адам ауруды жұқтырғаннан кейін вирустар ішектен қанға өтіп, вирусемия туғызады, аурудың алғашқы кезінде ол улану (интоксикация) белгілерімен көрінеді. Содан кейін, вирус бауырға түсіп, сол жерде вирустың репликациясы басталады. Бауырдағы вирустар гепатоциттерге тікелей цитолитикалық әсер етіп, бауыр бөліктерінің перипортальді бөлігі мен портальді аймақтарда қабыну және некробиотикалық процесстерді туғызады.

Гепатоциттердің, портальді жолының ісінуі, қабыну жасушаларымен бауырдың инфильтрациялануы гепатомегалияға әкеліп соғады. Гепатиттің ауыр түрінде некроздар дамып, бауыр жетіспеушілігі дамиды. Гепатоциттердің көп мөлшерде бұзылуы, вирустың көбеюіне, сонымен қатар, иммунопатологиялық, гуморальдік процестерге, жасушалық реакцияларға байланысты. Вирус жасушалардың беткейлік құрылымын өзгертетіні соншалықты, ағза инфицирленген жасушаларды бөгде зат ретінде танып, оларды бұза бастайды.

Цитопатиялық әсердің нәтижесінде жасуша метаболизмінің бұзылысы дамиды. Липидтердің пероксидті тотығу процесінің үдеуінен бұзылуынан антиоксидантты қорғанысының гепатоциттердің жасушалық мембраналарының өткізгіштігі күшейеді. Жасушалардан ферменттер мен калий иондары шығады. Жасушадан тыс сұйықтықтан жасушаға натрий, кальций иондарының енуе гепатоциттердің гипергидрациясына әкеліп соғады.

Мембраналар өткізгіштігінің жоғарылауы жасушааралық органеллаларда да байқалады. Лизосомалардан белсенді гидролазалардың көптеп шығуы жасушаның аутолизіне әкеліп соғады, ол гепатоциттердің цитолизі мен некробиолизінің қаншалықты дамығанын анықтайды.

Қабыну және некробиотикалық процестер цитоликалық, мезенхималды — қабыну және холестатикалық клиникалық — биохимиялық процессердің дамуына әкеп соғады. Гепатиттердің жетекші синдромы цитоликалық, оның лабораторлық көрсеткіштері АЛТ-нің жане АСТ-нің белсенділігінің жоғарылуы; қан сары суында темірдің деңгейінің көбеюі; бауыр жетіспеушілігі кезінде – протромбин деңгейінің және қан ұюының басқа факторларының, альбуминнің, холестерин эфирлерінің төмендеуі. Мезенхималды — қабынудың көрсеткіштері: a2-; b-; g- глобулиндердің, барлық иммуноглобулиндердің деңгейінің көбеюі, сулема титрінің төмендеуі және тимол сынамасының жоғарылауы. Холестатикалық синдром кезінде қанда байланысқан билирубиннің, өт қышқылдарының, холестериннің, мыс деңгейі, сілтілі фосфатазаның, 5-нуклеотидазаның (5-НУК), гаммаглютамилтранспептидазаның (ГГТП) белсенділігі жоғарылап, билирубинемия байқалады.

Клиникасы.А вирусты гепатиті айқын клиникалық белгілерімен (сарғыштық және сарғыштықсыз) және клиникалық белгілерінсіз өтуі мүмкін (инаппрантты түрі). Сарғыштықсыз түрінде сарғыштық пен гипербилирубинемиядан басқа гепатиттің барлық клиникалық және биохимиялық көріністері болады, трансаминазалардың белсенділігі жоғарылайды, анти-HAV IgM анықталады. Субклиникалық (инаппарантты) түрінде клиникалық симптомдары болмайды, бірақ трансаминазалардың белсенділігі жоғарылап, анти-HAV IgM анықталады.

Ауру түрлерінің ажыратылуы:

-ағымы бойынша: жедел, жеделдеу, созылмалы;

-ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа, ауыр.

Клиникалық белгілерімен өтетін гепатитке 4 кезеңнің ауысып ағуы тән: жасырын кезең, продромалды, аурудың өршу кезеңі (сарғыштық), реконвалисценция.

Жасырын кезең 6-50 күн (жиі 15-30 күн).

Продромалды (сарғыштық алды) кезең — 2-14 күн (жиі 5-7 күн). Продромалды кезеңәр түрлі вариантпен өтуі мүмкін: грипп тәрізді, диспепсиялық, астеновегетативті, аралас.

Грипп тәрізді варианты жедел басталады, дене қызуы 38-39°С, 2-3 күн байқалады; басы, бұлшықеттері ауырады, катаральды белгілер болуы мүмкін.

Диспепсиялық вариантта тәбет төмендейді, эпигастрий аймағында ауырлық немесе ауру сезімі болады, оң жақ қабырға асты ауырып, науқаста кейде жүрек айну, құсу байқалады.

Астеновегетативті0 вариантта әлсіздік, ұйқышылдық, ашушаңдық, басы ауырып, айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Аралас түрінде бірнеше варианттардың симптомдары кездеседі.

Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн өткен соң несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра түстес болады, сонымен қатар үлкен дәреті түссізденіп, кейде консистенциясы сұйылады. Тексеру кезінде науқастардың бауыры, ал 10-20% -да көкбауыры ұлғайғандығы және пальпация жасағанда ауру сезім анықталады. Биохимиялық зерттеуде АЛТ белсенділігі жоғарылады.

Аурудың өршу кезеңі (сарғаю кезені) сарғаюдан басталады, ол шамамен 2-3 аптаға (орташа тербелісі 1 аптадан 1-2 ай) созылады. Сарғыштық басталғаннан соң науқастың дене қызуы қалыпына келіп, бас ауыруы және басқа да жалпы улану белгілері басылады, жағдайы жақсарады, осы белгілер А гепатитінің В мен С гепатитінен салыстырмалы дигностикалық ерекше белгі болып саналады. Сарғыштық алдымен ауыз қуысының шырышты қабатында, көздің ағында, кейіннен теріде байқалады. Сарғыштықтың бастау, максималды көріну және басылу кезеңі бір-бірінен ажыратылады. Әдетте, А гепатиті кезіндегі сарғыштық қарқынды болмайды. Билирубин қалыпты жағдайдан 4-5 еседен жоғарыламайды. Алғашқы 2-3 күнде сарғыштық көбейіп, қайта басылады.

Обьективті тексергенде науқаста гипотензия және брадикардияға бейімділік, жүрек үнінің бәсеңдеуі байқалады, тілі өңезделген, бауыры ұлғайған, бауыр шеті дөңгелектенген, пальпация жасағанда ауру сезімі бар, көкбауыры аздап ауырады. Гепатомегалия сарғыштық кезеңінде сақталады, кейде жоғарылайды. 30% жағдайда көкбауырдың аздап үлғаюы байқалады. Зәрдің қызарауы және нәжістің ағаруы айқын көрінеді.

Читайте также:  Риск заражения гепатитом с от мужа

Науқаста өттің бөлінуі дұрысталып, нәжіс бірте-бірте боялып, сырқаттың кері даму кезеңі басталады.

Лабораторлық зерттеуде АЛТ, билирубин, тимол сынамасы жоғарылап, сулемалық титр төмендейді. Шеткі қанда лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ-төмендейді. Қанда анти-HAV IgM анықталады. А гепатиті кезінде, басқа гепатиттердегідей, аурудың ауырлығын бағалайтын негізгі белгі — улану: оның дәрежесі және белгілері болып табылды.

А гепатиті кезінде аурудың жеңіл түрі — сарғыштықсыз және сарғыштық түрлері жиі кездеседі. Аурудың орташа түрі науқастардың 1/3 –інде ал ауыр түрі 0,1- 0,3%-да кездеседі. А гепатиттің ауыр ағымы иммунданбаған 60-65 жастағы және одан да үлкен қарт адамдарда (20%) гепатиттің фульминатты түрі кездеседі. Кейде өзгерістері бар бауырда аурудың күрт ағымды түрі байқалады. А гепатитіның фульминантты түрі 0,1-0,4 % науқастарда болады.

Аурудан айығу гепатит белгілерінің жойылуымен сипатталады. Науқастың тәбеті дұрысталады, астено-вегетативті белгілер азаяды, сарғыштық жойылады, бауыр мен көкбауырдың көлемі қалпына келеді.

Реконвелесценция кезеңінде біртіндеп клиникалық — биохимиялық көрсеткіштер қалпына келеді. Науқас 4 — 6 апта мерзімінде айығады.

Науқастардың 5-10%-да аурудың ұзақ ағымды түрі кездеседі, ауру бірнеше айға созылып, науқас айығады.

Кейбір науқастарда реконвелесценция кезінде 1-3 айдан соң рецидивтер (аурудың қайта өршуі) байқалады, клиникалық белгілері мен лабораторлық көрсеткіштері өзгереді.

А гепатитіның сарғыштықсыз түріне жоғарыда аталған белгілер (сарғыштықтан басқа) және биохимиялық көрсеткіштер (гипербилирубинемиядан басқа) тән, бірақ олардың айқындығы төмендеу.

Субклиникалық (инаппарантты) вариантында сарғыштықсыз түріне қарағанда науқастың жалпы жағдайы нашарламайды, бауыры ұлғаймайды. Аурудың бұл түрі эпидемиялық ошақтарда АЛТ және АСТ көрсеткіштерінің жоғарылауымен, HAV–нің спецификалық маркерлерінің қан сарысуында табылып, анықталады.

Аурудың созылмалы түрі кездеспейді. Аурудың ақыры ешқандай қалдықсыз (90% науқастарда) айығумен, қалдық жағдай — гепатиттен соң дамитын синдром, созылмалы реконвалесценция, өт жолдарының зақымдануымен (дискинезия, холецистит 10%) болады.

Жедел А гепатитімен ауырған науқастарда сарғыштық түріне байланыссыз өмір бойы, тұрақты иммунитет дамиды.

А гепатитімен бірге басқа бауыр аурулары бар науқастарда өлім-жітім саны 0,1-0,4% кездеседі.

Диагностикасы.А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнде ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдардың алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.

Лабораторлық зерттеу келесі нәтижелерге негізделеді:

1. перифериялық қан анализінің өзгеруі

2. пигмент тесттерінің өзгеруі

3. бауыр сынамаларының өзгеруі

4. серологиялық анализ

5. аспаптық

Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, және моноцитоз байқалады.

Қалыпты жағдайда жалпы билирубин 20,5мкмоль/л құрайды. Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелей фракция көбеюімен байқалады.

Пигментті алмасудың бұзылысы сарғыштық алды кезеңде басталып, несепте уробилин пайда болады. Бауыр сынамаларының тобына аланин трансаминаза (АЛТ), аспарагин трансаминаза (АСТ) кіреді. Гепатит кезінде АЛТ-нің салдарынан (қалыпта жағдайда 0,68%) гиперферментемия 2-5 есе көбейеді.

Гепатит кезінде қан ұюы факторының ферменттер (фибриноген, протромбин, проакцелерин, проконвертин) тобының синтезі төмендейді. Әсіресе бауырдың массивті немесе субмассивті некрозы кезінде протромбин индексі (қалыпты жағдайда 80-100%) едәуір төмендейді.

Бауыр сынамаларының тобына мезенхималы сынамалар (сулемалық және тимолдық) кіреді және олар ретикуло-эндотелиалды жүйесінің зақымдануын көрсетеді.

Тимол сынамасы (қалыпты жағдайда 4-5 Ед) 10-20 есе көбейіп, сулемалық сынама (қалыпты жағдайда 1,8-2,0 Бірлік) 1,7-1,6 есе төмендейді.

Нақтамалық мақсатпен холестатикалық сынамалар жасалады, олар өт іркілуін көрсетеді. Гепатиттің холестатикалық түрінде сілтілі фосфатаза (қалыпты жағдайда 64 Ед/л) едәуір жоғарылайды. Гепатит кезінде холестерин қалыпты жағдайда 3,1-6,2 ммоль/л немесе 120-240 мг% дейін жоғарылайды.

А гепатиттің диагностикасы вирустың антигенінің (HAV Аg) нәжісте және вирусқа қарсы антиденелерінің қан сарысуында анықталуына негізделеді. Клиникалық практикада вирусқа қарсы IgM класына жататын антиденелерді (анти-HAV IgM) анықтау маңызды болып табылады. Бұл антиденелер науқастардың қанында жасырын кезеңде пайда болады, сонан соң олардың титрі күрт өседі, кейін біртіндеп соңғы 6-8 ай ішінде төмендейді.

IgG тобына жататын антиденелер (анти-HAV IgG) аурудың 2-3 аптасында пайда болады, ал максималды шегіне реконвалесценцияның 5-6 айында жетеді, сонан соң төмендеп өмір бойы сақталады. Осы антиденелердің қанда болуы HAV – пен бұрын соңды жанасуда болғанын көрсетеді.

Салыстырмалы диагностикасы.А гепатитінің продромалды кезеңін салыстырады:

● тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан;

● энтеровирусты инфекциядан;

● сүзек топтас аурулардан;

● жедел ішек инфекцияларынан.

Сарғыштық кезеңінде А гепатитін төменде аталған аурулардың

сарғыштық түрімен салыстырады:

● жұқпалы мононуклеоз;

● лептоспироз;

● псевдотуберкулез;

● гемалитикалық сарғыштық;

● токсикалық сарғыштық;

● механикалық сарғыштық.

Емі.А гепатитінің еміне төсек режимі, “жартылай” төсек режимі, тиімді тамақтану және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында науқастар «жартылай» төсекте жату керек, ал ауыр ағымында — төсек режимі. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды.

№5-емдәм үстелі (Певзнер бойынша), ауыр қорытылатын майлы тамақтарды (сиыр, қой, шошқа еті), қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін емдәм сақтау керек.

Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі. Анорексия белгісімен, қайта-қайта құсатын науқастарға парентералды жолмен глюкоза, Рингер сұйықтығы құйылады.

А гепатиті қатерсіз ағымды, циклді, сауығумен өтетін болғандықтан науқастарға вирусқа қарсы препараттар тағайындалмайды.

Аурудың жеңіл ағымында дәрумендер, энтеросорбенттер (микрокристалды целлюлоза 2,0-3,0 г; гидролизді целлюлоза-полифепан, билигнин 0,5-1,0 г/кг- түнге соңғы тамақтанудан кейін 2-3 сағаттан соң беріледі) тағайындалады.

Аурудың орташа ауырлық ағымында жоғарыда аталған емге қосымша асқазан мен ұйқы безінің қорыту жұмысын жақсарту үшін фермент препараттарын (панкреатин, креон, мезим форте, фестал) береді.

Инфузиондық-дезинтоксикацаялық ем ретінде қан тамырға тамшылап 5% глюкоза ерітіндісін, гемодез (400 мл күнара), рибоксин (20-30 мл), 5% аскорбин қышқылын құямыз.

Ауыр ағымда дезинтоксикациялық шаралар күрделенеді: 5% альбумин, қан сары суы немесе протеин (250-500 мл) және гемодезі күнде 400 мл/тәу 4 күн қатарынан құйылады.

Анорексия кезінде қоюланған полиион ерітінділерін, аминоқышқыл қоспаларын (аминостерил, гепастерил, гепатамин). 10 күн ішінде гипербарийлік оксигенация тәулігіне 1-2 рет жүргізіледі.

Тағайындалған ем нәтижесіз болса глюкокортикостероидті (преднизолон 60 мг/тәу — 120 мг/тәу), экстракорпоралды детоксикация (гемосорбция, плазмоферез, плазмосорбция) ем беріледі.

Аурудың ұзақ мерзімді ағымында гепатопротекторлар 1-3 ай (карсил, силимар, гепатофальк, гепабене, эссенциале, рибоксин) беріледі.

Гепатиттен кейін пайда болған ұзақ гипербилирубинемия кезінде өт қышқылының туындыларын (урсофальк, урсосан), адеметионин (гептрал) қолданылады. Тікелей емес фракциясы басым гипербилирубинемия болғанда фенобарбитал тағайындалады.

Болжам.Қолайлы. Науқастардың 90%-да толық айығып, қалғандарында аурудың “қалдық” белгілері болады. А гепатитіның өлім-жітім саны 0,04%-дан артпайды.

Алдын алу шаралары.Санитарлық — гигиеналық шараларға фекалды — оралды механизмін үзу жатады.

Эпидемиялық ошақта А гепатитімен ауырған науқас анықталғанда, күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап (үй жағдайында қалдыруға болады), ауруханаға жатқызады.

Науқасты оқшаулағаннан соң, жанасқандарды 35 күн бақылап, биохимиялық тексеруден өткізеді.

А гепатитіның алдын алу мақсатымен донорлық иммуноглобулинді (1,5-4,5мл бұлшық етке) енгізеді, қайта енгізу 4 реттен көп болмауы керек. Енжар (пассивті) иммунитет 4 ай сақталады. А гепатитінің вакциналық алдын алуы “Хаврикс-А” (Havrix-A), “Аваксим” (Avaxim) вакциналарымен жасалады. Бұл вакциналарды адамдарға А гепатиті-бойынша қолайсыз аймақтарға барар бұрын (туристер, сапар шегушілер, әскери қызметкерлер және т.б.) бұлшық етке 2 мәрте (аралығы 6-12 ай) енгізеді. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 10 жыл сақталады.

Source: mylektsii.ru

Источник